Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сейсенбі, 25 тамыз, 12:14

Бас прокуратура тротуарда самокатпен жүруге тыйым салды

25.08.2026

2

0

Бүгіннен бастап электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу адам жүретін жолдармен жүруіне тыйым салынады, деп хабарлады Zhalagash-zharshysy.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Енді электросамокатпен жүретін адам велосипед жолы немесе велосипед жолағы болған жерде ғана жүреді. Егер мұндай жол болмаса оған жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ электросамокатты айдау тек жасы 18-ге толған, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі мен арнайы бас киімі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі.  Ал жаяу адам жолдан өткісі келсе, самокат, велосипед пен мопедтен түсіп, оны жетектеп өтуге тиіс.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кесірінен жолда 390 апат болып, 33 адам қаза тапты. Осы апаттан 461 адам жарақат алған. Велосипедшілердің кінәсінен 169, шағын электр көлік құралдарын жүргізген адамдардың кесірінен 97 апат болған. Электросамокат жүргізушілер де 47 жол апатын жасаған. Осының бәрінде кәмелетке толмаған 329 бала зардап шегіп, 10 бала қаза тапқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: