Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сейсенбі, 25 тамыз, 12:17

Үкімет басшысы бюджет қаражатын үнемдеуді тапсырды

25.08.2026

2

0

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов министрліктер мен басқа да ведомстволарға бюджет қаражатын тиімді пайдалануды тапсырды.

Ол бюджет қаражатын тиімді жұмсау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылуында екенін атап өтті.

«Биылғы 7 айда экономиканың өсуі 4,1% болды. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің кемінде 5% өсімін қамтамасыз етуіміз қажет. Болжамда экономикадағы қазіргі жағдай, дамудың сыртқы факторлары және халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі мен сыртқы нарықтардағы ахуалға қатысты бағалаулары ескерілген. Республикалық бюджет туралы заң жобасы халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және экономикалық өсімді ынталандыру міндеттерін шешу кезінде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау қажеттілігін есепке ала отырып әзірленді», деді Олжас Бектенов.

Сонымен бірге ол 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі – инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың құрылысы болатынын, мемлекеттік ресурстар халық алдындағы міндеттемелерді орындауға, өңірлерді дамытуға жұмсалуға тиіс екенін айтты. Осы ретте Үкімет басшысы мемлекеттік құрылымдарға әрбір теңгеден түсетін табысты көбейтуді айтып,  қаражатты тиісті жерлерге ғана жұмсауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: