Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сенбі, 23 қараша, 07:59

Кент ардагері Асқар Астанақұлов алғашқылардың бірі болып дауыс берді

06.10.2024

259

0

Жалағаш кенті №132 референдум учаскесінде тұрғындар белсенділігі жоғары. Таң атысымен учаскеге жиналған азаматтар бүгінгі науқанның еліміз үшін маңыздылығын жақсы түсінеді. Жастармен қатар референдумда қарт кісілер, ардагерлеріміз де дауыс берді.

Республика көлемінде бастау алған референдумда алғашқылардың бірі болып келген кент ардагері Асқар Астанақұлов №132 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

  • Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Бұған дейін де көптеген саяси науқандарды өткердік. Бұл жолғы республикалық референдумның мәні бөлек. Халық оң өзгерістер мен жаңаша бастамалар күтеді. Ел ертеңі үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Мемлекетімізде тек татулық пен бейбітшілік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, – деп қазыналы қария ақ батасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: