Бүгін «AMANAТ» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезекті XXXVII есеп-беру сайлау конференциясы болып, 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары қорытындыланды. Аталған конференция жұмысын «AMANAТ» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева жүргізіп отырды. Сонымен қатар, арнайы есеп-беру сайлау конференциясы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңес мүшесі Райкүл Байназарова қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «AMANAТ» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева партия филиалының 2021-2022 жылдары және есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасады.
«AMANAT» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады. 2021-2022 жылдары 300-ден аса қабылдау, 1000-ға жуық тұрғынның өтініші тыңдалды. Нәтижесінде өтініштердің 600 тұрғынның мәселесі оң шешімін тауып, қалған мәселелер бойынша тиісті сала өкілдерімен заң аясында құқықтық кеңестермен толықтырылды. Сонымен қатар, республикалық мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 150-ге тарта тұрғын бейінді мамандардан кеңес алды.
Партияның бағдарламалары мен реформаларын іске асыруға бағытталған партиялық жобалар және ішкіпартиялық іс-шаралар, партия қатарын жаңа мүшелермен толықтыру, «Баланы мектепке даярлайық!» республикалық акциясы, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» туралы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов өз сөзінде партия филиалының атқарған жұмысына оң бағасын беріп, алдағы уақытта партияластарды ел мүддесі жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Конференция барасында жаңадан қабылданған партия мүшелеріне «AMANAT» партиясының партиялық билеті табыс етілді.
Жарыс сөзге шыққан Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Қуат Ахетов фракциясы жұмысы туралы хабарлама жасап алдағы міндеттерге тоқталып өтті. «Аққұм ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлжайна Айтжанова партия ұйымының 2021-2023 жылдардағы мардымды істері мен алдағы жоспары туралы хабарлама жасады.
Конференцияның күн тәртібіне қойылған «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгерістер енгізіліп, конференцияға қатысушы делегаттардың дауыс беруімен «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXXII (32-ші) есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!