Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сейсенбі, 09 желтоқсан, 18:46

Көкжөтел ауруының алдын алу шаралары туралы

09.12.2025

6

0

Көкжөтел – Bordetella pertussis таяқшасынан туын­даған, көбіне ауыз қуысын­да, көмей мен мұрында өмір сүре­тін жедел респираторлық бак­те­рия­лық жұқпа. Бұл ауру түрі ка­­та­ральды белгілермен бірге жү­ретін спазмодикалық жөтел ұс­тамалары түрінде көрінеді. Көк­жөтелдің қоздырғышы негі­зі­нен науқас жөтелгенде, түш­кір­генде, онымен қоса ауа там­шы­ла­­ры арқылы таралады. Көк­жө­телді ересектерге қарағанда балалар көп жұқтырады. Ересектер көкжөтелдің жеңіл түрімен ауырғандықтан, олар негізінен инфекцияның ошағы әрі аурудың тасымал­дау­шы­сы болып келеді. Дәрігерлер көк­жөтелдің зардабы қауіпті ас­қынуларға алып келетінін ай­та­ды. Ауру катаральды, спазмоди­ка­лық жөтел және резолюция ке­зеңдері арқылы өтеді. Ин­ку­ба­ция­­лық кезеңі 14 күнді құрайтын ауру түрінің катаральды кезеңі жедел фарингит белгілеріне ұқ­сас. Спазмолитикалық жөтел ке­­­­зеңі үш аптадан бір айға дейін со­зылуы мүмкін. Кейіннен бұл қай­та қалпына келтіру фазасына өте­ді. Мұнда науқас жөтелген кез­де шырышты қақырық бөлі­ніп, жөтелу азаяды.         Бүгінгі таңда көкжөтелмен алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы-міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау болып табылады. Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді. Вакцинация аурудың белгілері жоқ (яғни суық тию, дене қызуының көтерілуі деген сияқты белгілері болмаған жағдайда), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 2 айда → 3 ай → 4 ай → 18 айда жүргізіледі. Яғни, АбКДС вакцинасы қолданылады. (ішінде күл, сіреспе, көкжөтел (жасушасыз), В гепатиті, полиомиелит (белсенділігі жойылған) және b типті гемофильді инфекцияларға қарсы 5-6 аурудан сақтану үшін қолданылады.                                                                    Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы – сіздің қолыңызда!

Жалағаш аудандық санитариялық-                                   Г. Аймбетова

эпидемиологиялық бақылау

басқармасы басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: