Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сейсенбі, 16 қыркүйек, 20:03

Мектептердің жылу маусымына дайындық барысы бақылауда

16.09.2025

4

0

Бүгін «Amanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері білім бөлімімен бірлесе отырып, Аққыр, Мәденет, Жаңаталап және Мақпалкөл ауылдық округтеріндегі мектептердің жылу қазандықтарының алдағы қысқы маусымға дайындығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында әр мектептің жылу жүйесінің жай-күйі, көмір қорының жеткіліктілігі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы назарға алынды. Қысқа дайындық деңгейі бойынша нақты ұсыныстар мен ескертулер берілді.

Партиялық бақылау комиссиясы оқу орындарының жылы әрі қауіпсіз ортада білім беруін қамтамасыз ету мақсатында бұл бағыттағы бақылау жұмыстарын жалғастырады.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: