Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 12:46

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өзгерістер енгізілді

18.07.2024

306

0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қоғау» ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Жалпы міндеттер ауқымына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңының сақталуын, мемлекеттік бақылау және қадағалау, карантиндік объектілерді анықтау, оларды оқшаулау, жою және олардың енуін алдын алу, Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден карантинді объектілердің әкелінуінен және енуінен қорғау болып табылады.

Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда:

1. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру (8 жұмыс сағаты)

2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру (2 жұмыс күні)

3. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу. (2 жұмыс күн ішінде)

4. Сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру. (10 жұмыс күн ішінде)

«Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қоғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Ауылшаруашылығы министірінің 2015 жылға 29 маусымдағы №15-08/590 санды бұйрығына 2023 жылдың 1 маусымдағы №211 бұйрығымен өзгерістер енгізіліп отыр. Өзгеріс 2023 жылдың 1 тамызынан бастап ресми күшіне енді.

Енгізілген өзгерістерге байланысты «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметі 3 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне, сондай-ақ, «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік қызметін 1 жұмыс күнінен 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде рәсімдеу көрсетілген. Өз кезегінде енгізілген өзгерістермен АШТӨ (ауылшаруашылығы тауарын өндіруші) жеке және заңды тұлғаларға уақыт үнемдеп, тез бұзылатын карантиндік өнімдерді межелі орнына уақытынан кешіктірмей жеткізуге жол ашады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті алушы тұлғалар қызметті алуға өтінім бермес бұрын импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарымен танысып, қажет болған жағдайда,  ИКР (импорттық карантиндік рұқсаттама), фумигация құжаттарын дайындау керек.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, www. egov. kz «электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Аумақтық бөлімшенің кеңсесі карантинге жатқызылған өнімді ҚР-нан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға және республика аумағына әкетуге карантиндік сертификат алуға өтініш сағат 17:30 дан кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

Инспекция ғимаратында өзіне-өзі қызмет қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда.Мемлекеттік қызмет көрсету стендімен жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көмек көрсету тетігі және мүгедектерге арналған пандус орнатылған.

Қорытындылай келе, Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы ауылшаруашылығы тауарларын өндіруші тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге, кеңес беруге әрқашан дайын. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін екенін ескертеміз. Инспекция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша жеке және заңды тұлғалар Жалағаш кенті,Бұқарбай батыр 228 мекен жайына келіп немесе 31-8-82 нөміріне шығып инспекция мамандарынанкеңес алуына болады.

Ә.АСЫЛБЕКҰЛЫ,

ҚР АШМ АӨК МИК

Жалағаш аудандық аумақтық

инспекциясының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: