Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 27 наурыз, 12:08

Мемлекеттік тіл – елдің басты байлығы

27.03.2026

5

0

Мемлекеттік тіл қай елдің болсын басты байлығы екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан оған әрбір азаматтың құрметі болуы тиіс. Әлемдегі ең бай тіл саналатын қазақ тілі де – Қазақстанның басты байлығы. Оған құрмет білдіру үшін құр ұранның қажеті жоқ. Әрбір қазақстандық қазақ тілінде сөйлеп, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосуды өзінен бастауы тиіс.

Елімізде Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі екені Ата заңымызда тайға таңба басқандай анық жазылған. Сондықтан барлық мекемеде іс-қағаздар бірінші қазақ тілінде жүреді. Мемлекеттік тіл саясатына ерекше қолдаудың болуы да сол қазақ тілінің мәртебесі жоғары екенін аңғартады.

Аудандық полиция бөлімінде қызмет атарып келе жатқаныма қанша жыл болды. Бізге дейін де мұнда іс-қағаздар тек мемлекеттік тілде жүргізілген. Сол игі дәстүр бүгінде әлі де жалғасып келеді. Полиция бөлімінде бүгінде барлық іс-қағаз мемлекеттік түлде жүреді.

Біз мемлекеттің тілді неге басты байлыққа санаймыз? Өйткені бұл – тәуелсіздіктің, егемендіктің нақты айғағы. Сондықтан әрбір азамат мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге міндетті. Ол үшін жоғарыда айтқанымдай, әуелгі жұмыс сол адамның өзінен басталуы тиіс.

Жалпы мемлекеттік тіл, ана тілге қатысты ұлылардан қалған нақыл сөздер жетерлік. Бұл тілге деген құрмет қазақ тарихында бұрыннан қалыптасқанын білдіреді. Мұндай қанатты сөздер бізге жігер беріп, мемлекеттік тілге деген құрметімізді арттырады.

Салтанат КӘЛМЕНОВА,

аудандық полиция бөлімінің

жеке құраммен жұмыс жөніндегі

топтың инспекторы,

полиция майоры  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: