Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 24 желтоқсан, 17:10

Мемлекеттік тіл – қызмет тілі

24.12.2025

5

0

Қазақстанның мемлекеттік тілді – қазақ тілі. Ал оның қолданыс аясын кеңейту ортақ міндет. Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға бағытталған. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайту ел саясатының басты бағыты болып қала береді.

Иә, бүгінде мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келеді. Әр адамның азаматтық қасиеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен бағаланады. Адамның өз тіліне деген құрметінен анасына, ұлтына, Отанына деген құрметін білуге болады. Шындығында өз тілін ұмытқан адам халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Қазақ тілі – халықтың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Осы ретте қазақ тілінің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Өйткені қолдағы бар мүлік тозар, жоғалар, бірақ мемлекеттік тіл – кез келген мемлекеттің тозбайтын ең қымбат мұрасы. Осы ретте елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау бәрінен маңызды екенін айқын аңғаруға болады.

Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткен дұрыс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Осы тіліміздің халықаралық мәртебесін көтеру – өркениетке жетудің басты кепілі.

Тіл мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түспейді. Бұл жөнінде Президент Жолдауларында, стратегиялық, бағдарламалық мақалаларында да кеңінен айтылып жүр. Жолдауларда мемлекеттік тіл саясатын дамыту мақсатында жаңа бағыт ұсынылып келеді. Бұл әрбір қазақстандық үшін бүгінгі күннің талабына орай әр адамның тұлғалық дамуына септігін тигізеді.

Қазақстанда барлық құжат мемлекеттік тілде жүреді. Жалағаш аудандық полиция бөлімінде де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде нақты жұмыстар жүзеге асуда. Мәселен бізде барлық құжат мемлекеттік тілде жүргізіледі. Дәл осындай қадам мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге сеп болары сөзсіз.

Салтанат КӘЛМЕНОВА,

АПБ-ның жеке құраммен

жұмыс жөніндегі топтың инспекторы,

полиция майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: