Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Бейсенбі, 02 сәуiр, 13:25

Мемлекеттік тіл – қызмет тілі

02.04.2026

5

0

Мемлекеттік тіл Қазақстанның басты байлығы екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан оған баршамыз құрметпен қарауымыз керек. Әрбір қазақстандық оның қолданыс аясының кеңеюіне үлес қосқаны дұрыс. Сонда ғана әлемде сөздік қоры бай қазақ тілі өміршең болары сөзсіз.

Жалпы Конституциямызда Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі екені анық көрсетілген. Оның үстіне елімізде мемлекеттік тіл саясытының жүйелі жүзеге асуына барлық жағдай жасалған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік тілді өзінің басты байлығы санайтынын аңғартады.

Жалпы елімізде жалпы қоғамды былай қойғанда барлық құжат та мемлекеттік тілде жүзеге асатын. Бұл Қазақстанда қазақ тілінің қызмет тіліне айналғанын да анық білдіреді. Мәселен, біздің аудандық полиция бөлімінде де барлық құжат мемлекеттік тілде жүргізіледі. Әрбір адам қоғамда мемилекеттік тілде сөйлеп, құжаттардың да сол тілде жүзеге асуына үлес қосса, сол қазақ тіліне көрсеткен құрмет деп есептеймін.

Абзал СЕРАЛИЕВ,

аудандық полиция бөлімі

бастығының орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: