Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:23

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі – халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны

14.11.2023

379

0

Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің туындауына байланысты жоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатын әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесінің қосымша деңгейі болып табылады.

Әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ шоғырландырылып, Қор активтерінен әлеуметтік қатер туындағанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларына әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленуде.

Міндеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі.

Жұмысберушілер жалдамалы жұмысшылары үшін, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар өздеріне әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң (табысынан) 3,5 % мөлшерінде әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүргізеді және де әлеуметтік аударымдардың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшері белгіленген.

Бұл ретте, ай сайынғы табыс әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының (бұдан әрі – ЖТМ) жеті еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады. 2023 жылға әлеуметтiк аударымның ең жоғары мөлшері- 17 150 тг. (70 000 тг. 73,5%) құрайды.

Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі (табысы) ЖТМ кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ЖТМ негізге алына отырып есептеледі, аударылады, 2023 жылға әлеуметтік аударымның ең төменгі мөлшері – 2 450 тг. (70 000тг. *3,5%) құрайды.

Заңға сәйкес, жұмыс беруші әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге міндетті. Ал, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтiк аударымдардың толықтығын және уақтылы төленуін қадағалауды мемлекеттік кіріс органдары қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы (дұрыстығын тексеру үшін) өзі үшін ақпаратты Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалынан, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінен, электрондық цифрлық қолтаңбасымен «электрондық үкімет» веб-порталы және Халық банкнің «Halyk» қосымшасы арқылы тегін алуына болады. Әлеуметтік аударымдар әр айға жеке төленуі және азаматтар өзі үшін аударылған әлеуметтік аударымдарды қадағалап, олардың болуын тексеруі қажет.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары келесі әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.

  • еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда;
  • асыраушысынан айырылған жағдайда;
  • жұмысынан айырылған жағдайда;
  • жүктілікке және босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда;
  • бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда.

Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем «еңбек ету қабiлетiнен айырылған» деп белгiленген барлық кезеңге тағайындалады. Ол әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш берушінің жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан тағайындалады.

алпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыру медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Егер отбасының асыраушысы жұмыс істеген және ол үшiн Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген адам қайтыс болса, асыраушының отбасы мүшелерi асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алуға құқылы. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемнің бұл түрін алуға сот «хабар-ошарсыз кеттi» деп таныған немесе «қайтыс болды» деп жариялаған асыраушының отбасы мүшелерi де құқылы болады.

Егер азамат жұмыссыз қалса, біріншіден ол жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жұмыссыз ретiнде тiркелуі қажет. Содан кейін ол жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға өтініш білдіре алады. Әлеуметтік төлемдердің бұл түрі өтініш беруші үшін төленген әлеуметтік аударымдардың ұзақтығына байланысты алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бір айға, он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – екі айға, жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – үш айға, отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – төрт айға, қырық сегіз айдан алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бес айға, алпыс және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – алты айға тағайындалады.

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріліп, жүктілікке және босануға байланысты жұмыс орнынан демалысқа шыққаннан кейін жүктiлiкке және босануға немесе жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем тағайындалады. Бұл әлеуметтік төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген айлық табыс мөлшеріне және еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күндері санына байланысты болады.

Төлем жүктілікке және босануға байланысты берілген демалыстың барлық кезеңіне төленеді.

Сонымен қатар, бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем, балаға күтімді жүзеге асыратын азаматқа тағайындалады. Әлеуметтік төлемнің бұл түрі баланың тууы туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жарым жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге төленеді. Екi және одан да көп бала туған жағдайда бұл әлеуметтiк төлем әр балаға жеке тағайындалады.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш берудің алдында әлеуметтік аударымдардың толық аударылғанын тексеру қажет. Өйткені, әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемнің мөлшері азаматтың жұмыс берушісінің әлеуметтік аударымдардың мөлшерін есептеуіне (қаншалықты дұрыс) және оларды ай сайын уақытылы аударуына байланысты болады.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ www.gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпарат алуға болады.

Қызылорда облысы бойынша
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: