Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасы басталды, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.
«Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет.
Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты.
Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет», – деді Президент.
Айта кетейік, бүгін білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай елордада республикалық педагогтер съезі өтіп жатыр. Мұндай шара 2005 жылдан бері өткізілмеген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!