Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Жұма, 19 сәуiр, 10:50

Облыс әкімі Жалағаш ауданында кеңейтілген мәжіліс өткізді

18.05.2023

278

0

Облыс әкімі Н.Нәлібаевтің төрағалығымен Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжілісте аудан әкімі А.Есжанов 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылғы жоспарлар туралы хабарлама жасады. Аудан әкімі әлеуметтік саланы дамытуға, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасқанын жеткізді.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы барлық бағыттар бойынша өсу динамикасын жалғастырып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларына қол жеткізгендігін айтты. Атап айтқанда, ауданымызда Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 5,4 есеге артып, 13,3 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 2,4 есеге артып, 4 млрд. 846 млн. теңгенің өнімдері өндірілген.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің де аяқ алысы жақсы. Бүгінде инвестиция 5 млрд. 966 млн. теңгені құрап, 5,6 есеге артты. Ал, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,2 млрд. теңгеге орындалып, өсім 101,9 пайызды көрсетті. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының жүру қарқыны да жоғарылап, көлемі 1,8 млрд. теңгеге орындалған. Ол, 174,3 пайызды құрап отыр.

Өздеріңізге хабардар еткендей 2023 жылғы аудан бюджеті 9,2 млрд. теңге болып бекітілген болатын. Дегенмен де бізді қуантатыны нақтыланған аудан бюджеті жыл басында бекітілген бюджетпен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 10,3 млрд. теңгені құрап отыр, – деді аудан басшысы. Аудан әкімі А. Есжанов өткен жылы ауданның барлық елді мекендерін аралап, тұрғындармен жүздесіп, халықтың талап-тілегін тыңдап, ауданды одан әрі дамыту мақсатында «Жалағаш ауданын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған перспективалық іс-шара жоспары» әзірленіп, бекітті. Іс-шара жоспарына елді мекендерде іске асырылатын жалпы құны 17,6 млрд. теңгені құрайтын 120 жоба енгізілді. Бекітілген жоспар аясында ағымдағы жылы бюджет есебінен 32 жобаны іске асыруға 4,8 млрд. теңге бөлінді.

Жүйелі жоспарлар мен нақты істердің арқасында ауыл халқының да арманының ауылы алыс емес. Биылғы жылы облыстық бюджеттен Ақсу және М.Шәменов елді мекендеріне газ желісін тарту жұмыстарын бастауға 40,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүруде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында картоп, бақша дақылдарын орналастыруға шаруашылықтардың демеушілігімен жаңадан 500 гектар жер дайындалды. Оның 235 гектарына картоп, 265 гектарына басқа да бақша дақылдары орналастырылатын болады.

Бұл жерлер 610 отбасыға үлестіріп берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданда «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілуде. Жоба аясында жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайтын 409 жоба жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күнге қаржыландыру үшін құны 677,5 млн. теңгені құрайтын 110 жобаның құжаттары дайын. 

«Ауданның әлеуметтік – экономикалық даму бағытындағы тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жоспарлы түрде жүзеге асырылатын болады. Біздің негізгі міндетіміз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар халықтың игілігіне бағытталатын болады» – деді А. Есжанов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: