Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 12:05

Қате төленген әлеуметтік аударымдарды кері қайтаруға болады

28.09.2023

281

0

Мемлекеттік корпорация сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Пилоттық жоба негізінде азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық үкімет порталы арқылы артық немесе қате төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген қаржыларын қайтару бойынша сервис іске қосылды.

 Жаңа жоба қызмет алушылар үшін қате аударылған қаражатты қайтару жолын жеңілдетіп қана қоймай, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай азайтады. Қызметті пайдалануға өтінім беру үшін жұмыс берушіге электрондық үкімет порталындағы деректерді толтыру қажет. Сондай-ақ төлеушінің деректемелерін және оның төлем тапсырмасының деректерін көрсету міндетті. Айта кетейік, қате аударылған әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын қайтару жүктілік және 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерінің дұрыс есептелуі мен тағайындалуы үшін керек болады.

 «Бұған дейін жұмыс берушілер Мемлекеттік корпорацияға келіп, ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті қағаз күйінде тапсыратын. Одан бөлек өтініштер пошта қызметі арқылы жіберіліп, оларды жеткізу ұзақ уақытты талап ететін. Біз азаматтардың қолайлығы үшін eGov.kz порталында осы сервисті іске қостық. Енді жұмыс берушілер мен төлеушілер, өтінішті онлайн жіберіп, уақыттарын едәуір үнемдей алады. Сондай-ақ жаңа сервистің арқасында қызмет көрсету мерзімі 15 күннен 12 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сонымен қатар өтініш берушілер өтініштің қаралу дәрежесін бақылай алады», деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Бұл сервис ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында бірлесіп жасалған бұйрық нәтижесінде іске асырылды. Бұл инновациялық жобаны жүзеге асыру «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесіп атқарылған қызметінің нәтижесінде мүмкін болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұйымдар Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу бойынша сервисті іске қосқан болатын.

Асель АЛИБАЕВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ

Қызылорда облысы бойынша филиалының

ХҚКО Жалағаш аудандық бөлімінің  тәлімгері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: