Қазақстанда Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті құрылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, жаңа комитет ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларын басқарады.
Комитеттің мақсаты:
- ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
- ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
- құзыреті шегіндегі комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
Комитеттің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
- Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;
- Комитетке бөлінген бюджет қаражатының толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Комитеттің функциялары:
- ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
- Комитет реттейтін салаларда нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлейді;
- Комитет реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын жалпылау және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысанын әзірлейді;
- ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
- кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді;
- лотерея операторын айқындау қағидаларын әзірлейді;
- лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлейді;
- Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ интернет-казино, шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы тұрғысынан интернет-ресурстардың мазмұнын жүйелі түрде жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
Жалпы комитет 40-қа жуық функция атқарады. Ол Ашық НҚА порталында жарияланған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!