Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 00:31

Қазақстанда жаңа комитет пайда болды

09.09.2024

228

0

Қазақстанда Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті құрылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, жаңа комитет ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларын басқарады. 

Комитеттің мақсаты:

  1. ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
  2. ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
  3. құзыреті шегіндегі комитетке жүктелген өзге де міндеттер.

Комитеттің міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
  2. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
  3. Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
  4. өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;
  5. Комитетке бөлінген бюджет қаражатының толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Комитеттің функциялары:

  1. ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
  2. Комитет реттейтін салаларда нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлейді;
  3. Комитет реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын жалпылау және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  4. ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысанын әзірлейді;
  5. ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
  6. кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді;
  7. мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді;
  8. лотерея операторын айқындау қағидаларын әзірлейді;
  9. лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлейді;
  10. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ интернет-казино, шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы тұрғысынан интернет-ресурстардың мазмұнын жүйелі түрде жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

Жалпы комитет 40-қа жуық функция атқарады. Ол Ашық НҚА порталында жарияланған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: