Қазақстанның түкпір-түкпірінен Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері астана төрінде жиналды. Ардагерлердің басын біріктірген келесі мәселелер: жастардың тәрбиесіне назар салу, ҰҚК жас қызметкерлерін патриотизмге, туған жерге деген адалдыққа, оның мүддесін қорғауға тәрбиелеу.
Қызылорда облысының және Байқоңыр қаласының бұрынғы МҚКБ-ҰҚКД қызметкерлеріне ауқымды бағдарлама ұйымдастырылған. Олар орталық кеңес кеңсесінде «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері» АҚҰ төрағасы Кенжеболат Бекназаровпен кездесті. Ағымдағы міндеттерді орындаумен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, осы тарихи құжатта атап айтылған тұжырымдамалық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ, ардагерлер Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын, азаматтарының құқықтары мен еркіндігін, жалпы білім беру деңгейін жетілдіруді, халықтың, оның ішінде зейнеткерлердің денсаулығын және әл-ауқатын жақсарту бағытын толықтай қолдайды.
Мәдени бағдарлама аясында қонақтар Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысып, ЭКСПО-17, Жаңа мешіт, «Алжир» музейі сияқты елорданың ерекше жерлерін тамашалады.
Айта кетейік, кездесу «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.К. Бекназаровтың жетекшілігімен өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!