Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 19 сәуiр, 08:01

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ҰҚК ардагерлері елордада бас қосты

09.09.2022

277

0

Қазақстанның түкпір-түкпірінен Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері астана төрінде жиналды. Ардагерлердің басын біріктірген келесі мәселелер: жастардың тәрбиесіне назар салу, ҰҚК жас қызметкерлерін патриотизмге, туған жерге деген адалдыққа, оның мүддесін қорғауға тәрбиелеу.

Қызылорда облысының және Байқоңыр қаласының бұрынғы МҚКБ-ҰҚКД қызметкерлеріне ауқымды бағдарлама ұйымдастырылған. Олар орталық кеңес кеңсесінде «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері» АҚҰ төрағасы Кенжеболат Бекназаровпен кездесті. Ағымдағы міндеттерді орындаумен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, осы тарихи құжатта атап айтылған тұжырымдамалық мәселелер бойынша пікір алмасты.  

Сондай-ақ, ардагерлер Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын, азаматтарының құқықтары мен еркіндігін, жалпы білім беру деңгейін жетілдіруді, халықтың, оның ішінде зейнеткерлердің денсаулығын және әл-ауқатын жақсарту бағытын толықтай қолдайды.

Мәдени бағдарлама аясында қонақтар Ахмет  Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысып, ЭКСПО-17, Жаңа мешіт, «Алжир» музейі сияқты елорданың ерекше жерлерін тамашалады. 

Айта кетейік, кездесу «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.К. Бекназаровтың жетекшілігімен өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: