Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

35°C

, Жексенбі, 23 тамыз, 16:39

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

23.08.2026

4

0

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрасағы Садық Әлиев Құрылтай сайлауына белсене қатысып, Жалағаш кентіндегі №130 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ел тағдыры мен болашағына бейжай қарамайтын ақсақал маңызды саяси науқанға қатысу арқылы өзінің азаматтық жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Елдің ертеңі мен мемлекет болашағына жауапкершілікпен қарау, қоғамдық маңызды істерден шет қалмау – әрбір азамат үшін маңызды міндет екенін ақсақал өз ісімен дәлелдеп отыр.
Осындай ел ағаларының парасатты ұстанымы мен азаматтық белсенділігі қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: