Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жексенбі, 23 тамыз, 09:01

Еңбек ерлері елеулі күнді естен шығармады

23.08.2026

1

0

Таң ауылдық округіне қарасты №136 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде өтуде. Аталған учаскеге “Таң ЛТД” шаруашылығының ұжымы бір кісідей жұмылып келіп, Құрылтай сайлауына деген азаматтық белсенділіктерін танытты.

Шаруашылық қызметкерлері ел дамуы үшін маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Бұл – еңбек адамдарының ел тағдырына деген жауапкершілігі мен қоғамдық-саяси өмірге деген белсенді көзқарасының айқын көрінісі.

Сайлау учаскесіндегі ахуал тұрақты, дауыс беру заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Тұрғындардың белсенділігі жоғары деңгейде қалыптасып, әрбір азамат өз конституциялық құқығын жүзеге асыруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: