Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жексенбі, 23 тамыз, 08:07

Ақсулықтар өз таңдауын жасауда

23.08.2026

2

0

Ақсу ауылының білім ошағында орналасқан №139 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың. Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып ауыл ардагері Таңатар Алмаханов келіп, өз таңдауын жасап, ақ батасын берді.
«Ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауымды жасауға арнайы келдім. Бүгін ауылдастарымыздың таңмен таласа сайлау учаскесіне келіп, белсенділік танытып жатқанын көріп қуанып тұрмын. Жастарымыздың да ел ісіне бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдіргені қуантады. Таңдауымыз елдің ертеңі жарқын, жұртымыздың ынтымағы бекем болсын деген ниетпен жасалды», – деді ауыл ардагері Таңатар Алмаханов.

Айта кетейік, Ақсу ауылында барлығы 1015 дауыс беруші бар. Оның 117-сі – егде жастағы тұрғындар. Сондай-ақ ауылда мүмкіндігі шектеулі 16 азамат тіркелген. Олардың жетеуі өз таңдауын үйден жасайды.
Ал 17 жас тұрғын бүгін алғаш рет саяси науқанға қатысып, азаматтық таңдауын жасамақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: