Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Жексенбі, 23 тамыз, 10:48

Алтын той иелері азаматтық белсенділіктерін танытты

23.08.2026

4

0

Жалағаш кентінің тұрғындары, отбасылық өмірдің 50 жылдық белесін еңсеріп, алтын тойларын атап отырған Бимаханов Темірхан мен Қалжекенова Забира ел өміріндегі маңызды қоғамдық науқанға бірге қатысып, өз таңдауларын жасады.

Жарты ғасыр бойы бір шаңырақтың берекесін сақтап, өмірдің қуанышы мен қиындығын бірге бөлісіп келе жатқан ерлі-зайыптылар №131 сайлау учаскесіне бір мезетте барып, дауыс берді. Бұл – олардың ел болашағына деген жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымының көрінісі.

Алтын той – кез келген отбасы үшін айтулы белес. Елу жыл бойы бір-біріне сүйеу болып, ұрпақ тәрбиелеп, әулеттің ынтымағын арттырып келе жатқан Темірхан мен Забираның өнегелі ғұмыры кейінгі буынға үлгі.

Сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық міндеттерін орындаған алтын той иелері өз таңдауларын жасап, елдің ертеңіне деген сенімдерін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: