Қаракеткен ауылындағы №134 сайлау учаскесінде таң сәріден тұрғындардың белсенділігі байқалады. Ел азаматтары ел болашағына әсер ететін маңызды таңдауға жауапкершілікпен қарап, дауыс беруге келуде. Ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары да саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық таңдауын жасауда.
Бүгін 592 тұрғын дауыс береді. Олардың қатарында 106 қарт азамат, алғаш рет дауыс беретін 8 жас бар. Сонымен бірге 12 мүмкіндігі шектеулі тұрғын дауыс бермек.
№134 сайлау учаскесінде дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!