Ақсу ауылындағы «Асыл әжелер» ансамблінің мүшелері саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Ұлттық өнерді дәріптеп жүрген ақ жаулықты аналар бұл күні де елдік іске атсалысып, кейінгі буынға үлгі көрсетті.
2014 жылы құрылған ансамбль құрамында бүгінде он ана бар. Олардың арасында «Батыр ана» атағының иегерлері де бар. Өнерімен ауылдың мәдени өміріне сән қосып жүрген әжелер ел өміріндегі маңызды шаралардан да тыс қалмай келеді.
«Елдің ертеңі – бүгінгі таңдаудан басталады. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел болашағына бейжай қарамауы керек деп ойлаймын. Біз әжелер кейінгі ұрпаққа әрдайым өнеге болуға тырысамыз. Бүгінгі сайлауға да бір кісідей қатысып, өз таңдауымызды жасадық», – деді Зибаш Кулетова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!