Сыр өңіріндегі ырысы артып, ынтымағы жарасқан, береке-бірлігі көпке үлгі болған мекеннің бірі – Жалағаш ауданы.
Аудан халқы ұлтқа бөлінбестен қиын-қыстау күндерді де, жақсылық пен қуанышты да бірге көріп келеді. Қазіргі таңда ауданда 250-ден астам өзге ұлт өкілі күн кешуде. Аудан құрылғалы ортақ мекеніміздің гүлденуіне, дамуына, алға қадам басуына этнос өкілдері де бірдей тер төгіп келеді.
Бүгінгі ел тарихындағы маңызды күндегі ортақ істе этнос өкілдері Жалағаш кентіндегі №132, Аққұм ауылдық округіндегі №147 , Таң ауылдық округінің №136 сайлау учаскелерінде дауыс беріп атсалысты. Кент тұрғыны Галина Николевна«Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Бұл жолғы Құрылтай сайлауының мәні бөлек» деп, халық оң өзгерістер мен жаңаша бастамалар күтетінін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!