Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:26

Қоғам дертіне қарсы күрес бәсеңдемейді

17.11.2023

139

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде Жаңаталап ауылдық округі бойынша және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған шаралары тыңдалды. Басқосуда А.Әбдіғаппарұлы күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты бірқатар тапсырма берді.

Нақтырақ айтсақ, кент, ауылдық округ әкімдері, аудан бюджетінен қар­жы­ландырылатын атқарушы орган бас­шы­ларына әрбір сала бойынша меке­менің айналысатын қызметіне ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, тәуекелі жо­ғары қызметтер анықталған жағдайда жо­ғары тұрған органға нақты ұсыныс беруді тапсырды. Сондай-ақ халық көп шоғыр­ланатын орындарда және мекеме ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тақырыптық билбордтар, постерлер ілінуін қамтамасыз ету қажеттігін қаперге салды.
ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға арналған іс-қимыл жоспарының уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету бәрінен маңызды. Осы ретте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне мекемеде қызметкерлердің кәсіби дең­гейін көтеру, олардың орындаушылық тәртібі мен әдеп нормаларын қатаң сақ­тауына тұрақты бақылау орнату, сыбай­лас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде өткі­зілген әрбір шара жергілікті баспасөз бетінде және әлеуметтік желілерге тұрақты жариялау, сала бойынша тәуекелдерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ұжымда күшейтілген профилактикалық іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес мекемеде бағынышты қызметкерлердің қылмыстық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдар бірінші басшыларының дербес жауап­кершілігі институты енгізілгенін білесіздер. Қызметкерлер жұмысына, орындаушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді, әрбір қызметкермен персоналды түрде про­филак­тикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізуді қатаң тапсырамын. Қазақстан Рес­публикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға арналған іс-қимыл жоспарында көзделген шаралардың уақтылы әрі сапалы орын­далуына аса мән берілу қажет, – деді Ардақ Ибраимов.
«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: