Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде Жаңаталап ауылдық округі бойынша және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған шаралары тыңдалды. Басқосуда А.Әбдіғаппарұлы күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты бірқатар тапсырма берді.
Нақтырақ айтсақ, кент, ауылдық округ әкімдері, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган басшыларына әрбір сала бойынша мекеменің айналысатын қызметіне ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, тәуекелі жоғары қызметтер анықталған жағдайда жоғары тұрған органға нақты ұсыныс беруді тапсырды. Сондай-ақ халық көп шоғырланатын орындарда және мекеме ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тақырыптық билбордтар, постерлер ілінуін қамтамасыз ету қажеттігін қаперге салды.
ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға арналған іс-қимыл жоспарының уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету бәрінен маңызды. Осы ретте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне мекемеде қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру, олардың орындаушылық тәртібі мен әдеп нормаларын қатаң сақтауына тұрақты бақылау орнату, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде өткізілген әрбір шара жергілікті баспасөз бетінде және әлеуметтік желілерге тұрақты жариялау, сала бойынша тәуекелдерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ұжымда күшейтілген профилактикалық іс-шараларды жүргізу тапсырылды.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес мекемеде бағынышты қызметкерлердің қылмыстық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдар бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі институты енгізілгенін білесіздер. Қызметкерлер жұмысына, орындаушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді, әрбір қызметкермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізуді қатаң тапсырамын. Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға арналған іс-қимыл жоспарында көзделген шаралардың уақтылы әрі сапалы орындалуына аса мән берілу қажет, – деді Ардақ Ибраимов.
«ЖЖ» ақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!