Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа индексі 101,3 пайызды құрады. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 98 кәсіпкерлік субъектісіне бақылау жүргізіліп, заң талаптарын бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тауар бағаларын талапқа сай ресімдемеген 42 кәсіпкерге жалпы 544 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, міндетті нұсқамалар берілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Әділхан Төлегенов баяндады.
Спикердің айтынша Қызылорда қаласындағы «Сыбаға», «Асбол» және «Талғат» базарларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ал сауда саласына тартылған инвестиция көлемі 21,6 млрд теңгені құрады.
«Тұтынушылардың құқығын қорғау саласында алты айда 597 өтініш қаралып, олардың нәтижесінде азаматтарға 10 млн теңге қаражаттың қайтарылуына ықпал етілді. Сонымен қатар 48 кәсіпкерлік субъектісі тексеріліп, әкімшілік айыппұл салынды. Негізгі міндетіміз сауда саласында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Бұл бағыттағы бақылау және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады, – деді Әділхан Төлегенов.
Департамент құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында семинарлар, ашық есік күндері мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты ұйымдастырып, азаматтарға тегін құқықтық кеңес көрсетуді жалғастыруда.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!