Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:51

Қыста тұмаумен жиі ауырмау үшін не істеу керек?

10.12.2023

337

0

Қыста тұмау мен респираторлық вирустық инфекцияның маусымы басталатыны белгілі. Дәрігер аурудың алдын алу жолдарын айтты.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Иммунолог дәрігер тұмаудың алдын алу үшін маусымдық көкөністер мен жеміс-жидектер жиі жеуге кеңес береді. Маманның айтуынша, маусымдық көкөністер мен жемістер ерте жиналған өнімдерден әлдеқайда пайдалы. Кеш жиналған өнімнің құрамында иммунитетті нығайтатын қоректік заттар көп.

Сондай-ақ қыста бета-каротинге бай асқабақ, цитрустық жемістер мен ашыған қырыққабат тұмаудың алдын алады.

«Бета-глюкандармен қаныққан саңырауқұлақ иммунитетті көтереді. Сол себепті саңырауқұлақты күнделікті ас мәзіріне қосуды ұмытпаңыз», – дейді иммунолог Дженна Мачиоки.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Алдын алу шаралары біріншіден организмнің өзіндік қорғанысын күшейтуге бағытталуы керек:

Денені шыңықтыру (мысалы, контрастты душ, бассейн т.б.);
Дұрыс тамақтану – яғни дәрумендерге бай жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну. Сонымен қатар олардың құрамындағы тағамдық талшықтар ішек микрофлорасын жақсартады. Бұл организмнің әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін нығайтады;
Дене белсенділігі (күніне кем дегенде 30 минут жаттығу, жаяу жүру)
Дұрыс ұйқы (7-8 сағаттан кем емес, сағат 23:00-ге дейін жату, бөлме температурасы 17- 18°С);
Иммундық жүйеңіз әлсіреген болса (жиі ауыратын болсаңыз), онда дәрігердің кеңесімен иммунокоррекциялық препараттар және мультидәрумендер қабылдауға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: