Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 03:47

Қызылордада қоғамдық көліктердің қатары 42 жаңа автобуспен толықты

17.11.2022

289

0

Тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтаған шаһар басшысы Асылбек Шаменов жаңа қоғамдық көліктер қызылордалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттылған маңызды қадам екенін атап өтті. 

Жалпы, қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту ешқашан назардан түскен емес. Осы ретте естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға 1 млрд. 434 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Игі істің нәтижесі ұлттың ұлық мерекесі – Республика күні қарсаңында 40 дана автобус қала ішілік бағыттарға қосылса, бүгін қала тынысына серпін берген, экологиялық таза, ең бастысы мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы автобустардың екінші легі, яғни 42 данасы келіп, игі іс жалғасын тауып отыр. 

​Соңғы үлгідегі заманауи автобустар жаңадан қосылған №19 және №20 бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдайтын болады.

«Жыл соңына дейін қалған автобустар әкелініп, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жоба нақты жемісін береді», – деді​ қоғамдық көліктердің кілтін табыстау рәсімінде қала әкімі Асылбек Шаменов.

​Ел игілігіне, бұқара жұрттың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған басқа да ілкімді істер жалғасын таба бермек.

«Күнделікті жұмысымыз бен балалардың мектепке қатынауы үшін қоғамдық көліктің маңызы зор. Бұған дейін Арай-2, Арай-3 мөлтек аудандарына қатынайтын 20 бағыттағы автобус тоқтап қалған болатын. Ол біздің тіршілігімізге әсерін тигізді. Жақында бұл бағыт іске қосылған болатын. Бүгін тағы да сол бағытқа жиырма шақты көлік қосылып қуантып жатыр», – дейді қала тұрғыны.

316091468_3234610583472344_2678075354314814327_n.jpg
315887375_3234607803472622_1956429813459574801_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: