Қызылша – ауа тамшы инфекциясы, тез, жылдам таралатын вирустан туындайтын жұқпалы ауру. Қызылша ауруын қызылшамен ауырған адам сөйлескенде, жөтелгенде, түшкірген кезде жұқтырады. Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.
Қызылшаның арнайы емі жоқ. Алайда ауру белгілерін азайтуға көмектесетін шаралар бар:
– Жаңа бөртпелер санын азайту үшін төсек-орын мен ішкиімді жиі ауыстырыңыз;
– Су процедураларын азайтыңыз, егер температура болмаса, қабыну үдерісі байқалмаса, бала көбінесе марганецтің әлсіз ерітіндісін қосып, қысқа ванна қабылдай алады. Педиатрлар душ қабылдауға кеңес бермейді.
– Балаңызда қарапайым диетаны ұстаныңыз. Бұл аллергендердің барлық түрін болдырмау үшін қажет. Диетада көбірек сүт және көкөніс өнімдері болуы керек, көп сұйықтық ішу керек.
Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.
ҚР Профилактикалық екпелер егудің ұлттық күнтізбесіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 30 жасқа дейінгі адамдар егіледі. Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алуы қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болса да қызылшаның дамуының алдын алады. Инфекциялық аурулармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы вакцинация болғандықтан вакцинация алыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Жалағаш аудандық санитариялық- Г. Аймбетова
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!