Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сенбі, 23 қараша, 07:49

Референдум: дауыс беру басталды

06.10.2024

226

0

Бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум ресми түрде басталды.

Таңғы сағат 7:00-де референдум №128 учаскеде комиссиялары мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың қатысуымен заң талаптарына сай, барлық процедураларды орындай отырып ресми түрде ашылды.

Таң атасымен өз таңдауымды жасаймын деген тұрғындардың белсенділігі жоғары. Алғашқы болып кент тұрғыны Индира Үренбаева мәдениет үйіне асыға келіп, өз таңдауын жасады.

– Бүгін еліміз үшін маңызды күн десем болады. Референдум әділ, барлық ережелерге сай өтіп жатыр. Халқымызға бірлік, елімізге бибітшілік тілеймін, – деп, өтіп жатқан референдумға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, №128 референдум учаскесінде дауыс беру кешкі сағат 20.00-де аяқталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: