Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сәрсенбі, 04 ақпан, 13:09

Сайлау процесіне дайындық пысықталды

04.02.2026

6

0

2026 жылдың 3 ақпан күні аудандық руханият орталығында №132 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Н.Амандық және аудандық сайлау комиссияның мүшесі Е Кенжеғара ерекше қажеттілігі бар адамдардың сайлау процесіне қатысудың қолжетімдігі тақырыбында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу ұйымдастырды. Шараның алға тартқан мақсаты да мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруына жағдай жасау, дауыс беру учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және туындайтын мәселелерді бірлесіп талқылау болды.

Кездесулер барысында сайлау учаскелерін бейімдеу, пандустар орнату, арнайы жабдықталған дауыс беру кабиналарын пайдалану, ақпараттық материалдарды қолжетімді форматта ұсыну, сондай-ақ қажет болған жағдайда көмек көрсету тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, сайлау процесіне барша азаматтардың тең қатысуын қамтамасыз ету бағытында пікір алмасу жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: