Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 03 қазан, 23:59

Саңлақтар құрмет төрінде

19.09.2025

17

0

«Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы, «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жүлдегері Мақсат Исағабылов пен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов ауданға арнайы іс-сапармен келіп, жалағаштық спортшыларды қолдау және жастарға мотивация беру мақсатында кездесу өткізді. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов чемпиондарды қабылдап, қазақ спортының абыройын асқақтатып жүрген спортшылардың жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ ел намысын қорғап жүрген палуандардың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

– Әлемдік додаларда қол жеткізген чемпиондарымызға қарап, ауылдағы жас спортшылардың болашағын кө­реміз. Сіздердің жеңістеріңіз – жас­тар­ға шабыт, ауыл-аймаққа серпін, ел спортының дамуына зор үлес. Спорт – тек медаль емес, тәрбие, са­ла­уатты өмір салты, елді біріктірер күш. Бүгінгі спорт саңлақтарының жо­лын жалғайтын жаңа буын өсіп ке­леді. Сіздер жас спортшыларды қол­дап, үлкен жетістікке жетулеріне өз үлес­теріңізді қосып келесіздер, – деді ол.
Айта кетейік, Алмас Өтешов – жас­өс­­пірімдер арасында Азия чем­­пио­ны, 2013 жылғы әлем чем­пио­­на­тының күміс жүлдегері. Сол жылы Поль­ша­дағы Вроцлав қала­сын­да же­ңіске же­тіп, Қазақстан Рес­пуб­ли­касының ең­бек сіңірген спорт шебері атанды. Бұл мәртебелі атаққа алғаш қол жет­кізген қандасымыз болды. Келесі жы­лы АҚШ-тың Хьюстон қаласында да осы жетістігін қайталады.
Мақсат Исағабылов Қармақшы ау­данында дүниеге келген. 2002 жы­лы аудандық балалар мен жасөспірім­дер спорт мектебінде самбо күре­сі­мен шұғылдануды бастады. Жасөс­пі­рім­дер мен жастар арасында сам­бо, қазақ күресі және дзюдодан Қа­зақс­тан біріншіліктерінің жүлдегері әрі же­ңімпазы атанды. Дзюдо жә­не қазақ күресінен Қазақстан Республика­сы­­­ның спорт шебері, самбодан Ха­лық­а­­­ралық дәрежедегі спорт шебе­рі. Со­нымен қатар бірнеше мәрте ел чемпионатында топ жарып, рес­пуб­ли­ка­лық және халықаралық турнирлер­де жеңімпаз атанды.
Ауданға арнайы сапармен келген «Қазақстан Барысы» турнирінің же­ңім­пазы, «Әлем Барысы» халықа­ра­лық турнирінің жүлдегері Мақсат Иса­ғабылов пен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ал­мас Өтешов №13 аудандық маман­дандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде бо­лып, жас спортшылармен кез­десті. Ше­берлік сабағында чемпион­дар же­ке тәжірибелерімен бөлісіп, кә­сіби ба­ғыт-бағдар берді.Сонымен қатар «Наркескен» спорт клубының қыз­метімен танысып, ау­дан жаста­ры­ның спорттық әлеуетін арт­­тыру мен футболды дамыту бағы­тын­дағы жо­баларды көріп, спорт са­ла­сындағы жұ­мыстарды жоғары баға­ла­ды.
Одан әрі спортшылармен кездесу кеші Қонысбек Қазантаев атындағы ау­дандық мәдениет үйінде «Төзім мен еңбек – жетістіктің кілті» атты та­қырыпта жалғасты. Кездесуде Мақсат Исағабылов пен Алмас Өтешов спорт­тағы жетістікке жету жолындағы ең­бектері туралы баяндап, жастарды та­бандылық пен төзімділікке үндеді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақта­рына жауап беріп, ақыл-кеңес берді.

Е.АНУАРҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: