Жаз маусымында көптеген аудан тұрғындарының су айдындарына барып шомылатыны баршамызға мәлім. Сол суға шомылудың аяғы кей кездері орны толмас қайғылы жағдайларға әкелетініде белгілі. Оның бірден бір себебі Сырдария өзенінің аудан халқының негізгі орналасқан суға түсуге белгіленген арнайы орындардың болмауы. Сол себепті суға түсу ережелерін сақтамау, су қоймаларында жиі қайғылы жағдайлардың болуына соқтырады.
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы- суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау болып табылады.
Суға тек арнайы белгіленген, түбі тексерілген орындарда ғана түсу керек. Судың температурасы +17 +20 С градустан төмен болмағаны жөн.
Балаларға көңіл бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырманыз, шомыла білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.
Егер дененің тоңазығанын сезсеңіздер, дереу жағаға шығу қажет және әбден жылынып алмайынша қайта суға түсуге болмайды.
Суға қайықтан, катамараннан, көпірден, басқа да биіктерден секіруге болмайды.
Балалар мекемелерінің жетекшілер мен ата-аналар!
Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Судағы қайғылы жағдайда ұшырамас үшін, суда қарапайым өзін-өзі ұстау ережесін сақтау керек:
– тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
– танымайтын жерде шомылуға болмайды;
– қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз;
– шектейтін белгілерден асып сүңгуге болмайды, суға
көпірлерден, жағалаудағы бөгетшелерден секіруге болмайды;
– шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;
– өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп келуге болмайды;
– мас күйінде шомылуға болмайды.
Төтенше жағдай орын алған кезде 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар!
Жалағаш ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері
азаматтық қорғау лейтенанты Е. Сабырбай
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!