Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 19 мамыр, 07:10

Су тасқыны: Қостанай облысының 12 ауданына қауіп төніп тұр

31.03.2024

286

0

Қостанай облысының 12 ауданына су тасқынынан қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидрометтің» 31 наурыздағы мәліметі бойынша, Қостанай облысында сынап бағанасы +20 градусқа дейін көтеріліп, жаңбыр жаууы мүмкін. Осыған орай, Төтенше жағдай департаменті облыстың оңтүстік өңірінде жағдай қайта ушығып, орталық, солтүстік өңірлерінде су тасуы мүмкін екенін хабарлады. Қауіп аймағына Қарасу, Әулиекөл, Науырзым, Қамысты, Сарыкөл, Алтынсарин, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандары кіреді. Сонымен қатар Ресейден кіретін ірі өзендердің бойында жатқан Жітіқара, Денисов, Қостанай, Қарабалық, Бейімбет Майлин аудандарына да су тасқынынан қауіп төніп тұр. 

Осыған орай, облыстық Төтенше жағдай департаменті жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қауіптің алдын алуды, эвакуациялау жолдарын анықтауды ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: