Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 22:56

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ іс

15.03.2024

396

0

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемді толғандырып отыр. Иә, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өркендеуіне кері әсерін тигізіп жатады. Сондықтан сыбайлас жемқорлық дерт ретінде кез-келген қоғам үшін күрделі мәселе болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасында алғашқылары болып, 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Осы заң арқылы аталған дертпен қоғам бүгінгі күнге дейін күресуде.

Қазақстан дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ұдайы жүргізілуі тиіс. Себебі ол кез келген саланың тұралауына алып келетін ең күрделі қоғам дерті екенін жақсы білеміз. Міне, мемлекеттің онымен күрес шараларын ұдайы жүргізуі де сондықтан.

Негізінен сыбайлас жемқорлықпен күресте баршамыз жұдырықтай жұмылуымыз керек. Сонда ғана бұл бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесін көреміз. Бұл ретте әрбір отандас оған қарсы көзқараста болса жеткілікті.

Қазір барлық мекемеде бірінші басшының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың зардабын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстелдер, түрлі семинарлар мен жиындар өтіп келеді. Мұндай шаралардың да қоғам дертінің алдын алуда өзіндік маңызы бар. Бұл шаралар әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр адамда көзқарас қалыптастыруда маңызды деп есептеймін.

Құзырлы органдар әлі де онымен күресті толастатқан емес, өкініштісі бірақ әр жерде оған жол берген жағдайлардың орын алғанын ресми ақпараттардан естіп-білім отырмыз. Демек, әлі де қоғам дертіне қарсы шаралар ұдайы жүргізілуі тиіс.

Г.КАИПБАЕВА,

Жалағаш аудандық қазынашылық

басқармасы бас маман-бас қазынашы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: