Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 17:23

Сыннан сабақ алған абзал

25.04.2023

2441

0

Ауданда мемлекеттік қолдау шараларынсыз халықты жұмыспен қамтуға арналған меже 50 пайызға да орындалмаған. Оның үстіне жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлік нысандары да жоқ емес. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру, елді мекендердің еңсесін тіктеу мен кәсіпкерлік саласын дамытуға қатысты елді мекен әкімдері мен бөлім басшыларына аудан әкімі Асқарбек Есжановтың тарапынан айтылған сын аз болмады.

Иә, кешегі аппарат мәжілісінде ал­дымен кадрлық ауыс-түйістерге ке­зек берілді. Соңынан бірқатар мә­селе қаралып, Асқарбек Темірбек­ұлы әріптестерін сыннан сабақ алуға ша­қырып, нақты тапсырмалар берді.
Жексенбідегі сайлаудың қоры­тын­дысымен қос елді мекеннің жаңа әкімдері белгілі болды. Аққұм ауы­лына елдің басым дауысына ие болған Алтынбек Асанбеков, Мыр­за­бай ахун ауылына Ғалым Тәуіп­баев әкім болып сайланды.


Алтынбек Асанбеков бұған дейін де аталған ауылда әкім қызметін атқарған. Кешегі сайлауалды бағдарламасында да нақты мақсат-міндеттер қамтылған. Әлбетте оның барлығы Аққұмның екінші тынысын ашуға айтарлықтай қолғабыс бо­лары анық. Тек осы мақсаттағы жұ­мыстар күн тәртібінен түспеуі керек.
Ғалым Тәуіпбаев та Мырзабай ахун ауылының тыныс-тіршілігінен бейхабар азамат емес. Бұған дейін ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек еткен азаматтың елді мекеннің екінші тынысын ашуға қарым-қабілетін жұмсайтыны сөзсіз.
Бұған дейін аудандық жұмыспен қамту, әлеу­меттік бағдарламалар және азамат­тық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып Қанат Бөленбаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлі­мі­нің басшысы болып Ғабит Ерболұлы та­ғайындалған болатын. Әріптес­терінің алдағы жұ­мы­сына сәттілік тілеген аудан әкімі олардың елдің ертеңіне, талап-тілегіне жұмыс жасайтынына сенім білдірді.
Әдеттегідей мұнан кейін кезек күн тәртібіндегі мәселелерге келді. Алдымен сөз алған Қанат Шам­шатұлы өзі басшылық ететін бөлім тарапынан алғашқы тоқ­санда ат­қа­рылған жұмыстарды кеңінен тар­қатты.
Баяндамашының сөзіне сүйен­сек, І тоқсанда 1 545 адам халықты жұмыспен қамту орта­лы­ғына ха­бар­ласқан, оның 69,7 пайызы бағдарламаға қатысушылар құ­ра­мына енген.
Жаңа бизнес жобаларды іске асы­руға 198 млн 720 мың теңге қаралған. Бөлім басшысы алдағы уақытта тиісті қаражат есебінен 144 адамды қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Наурыз айының ортасында 136 үміт­кердің құжаты қаралып, 36 адам қайтарымсыз қар­жыға ие болған. Кәсіп бастауға талап­танғандарға жалпы құны 49,7 млн теңге үлес­тірілген.
Қайтарымсыз грантты үлестіру жыл аяғына дейін жалғасады. 1 млн 380 мың теңге – шағын кәсіп бастауға жақсы мүмкіндік. Сондықтан бұл мүмкіндікті құр жібермей жұмыссыз азаматтар өз жобаларын жүзеге асыруға асыққаны дұрыс.
Мемлекеттік қолдау шарала­рын­­сыз ауданда І тоқсанда 999 адам жұмыспен қам­тылу қажет. Алайда меже небары 11,4 пайызға орын­далған. Бұған қа­тысты Асқарбек Есжанов сала басшыларын сынға алды.
– Мен келгенде айтқамын, тағы да қайталап айтамын, әлеуметтің әлеуетіне бейжай қарамауымыз керек. Жұмыссыздық деңгейін тө­мен­детуде кәсіпкерлік саласын да­мы­тудың маңызы жоғары. Өкініш­ке орай бұл салада да кемшін тұстар көп. Халық арасында кәсіпкерлік са­ла­сын дамытуға арналған қандай бағдарламалар бар, оған қол жет­кізу үшін қайтпек керек, осы тұста тү­сін­дірме жұмыстарын жүргізу шаралары өте төмен. Кеше барлық ауылды аралап халықтың тыныс-тір­шілігімен танысып шықтық. Кәсіп бас­тауға талпынған азаматтар жетерлік, алайда қолдауға қол жеткізу үшін қайтпек керек, осы жағын толық білмейді. Елді мекен­дерді аралаңыз­дар, халықпен кез­десіп, осы тұрғыда толық­қанды түсіндірме жұмыстарын жүр­гізі­ңіз­дер, сонда ғана біз жұмыс­тың нәтижесін байқаймыз, – деді Асқарбек Темірбекұлы.
Бұл мәселеге қатысты аудан бас­шысы айтқан сында мін жоқ. Ра­сында кәсіпкерлік саласын дамы­туға күш салған абзал, мемлекет та­рапынан қолдау бар, тек іс бас­тай­мын деген жандарды сүйе­мел­­деу жұмыстарындағы кемшін тұста­ры­мызды түзесек болғаны.
Биыл І тоқсанда ауданда 3198 шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тісі тіркелген. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбеттің сөзіне сүйенсек, бүгінде оның 95,7 пайызы нақты жұмыс жасап тұр. Өкінішке орай 137 кәсіпорын жұ­мысын тоқ­татқан. Жасұлан Ер­дан­ұлы жалпы тір­келген кәсіп­керлік субъектілерінің санында өсім барын алға тартады. Ал жұмыс жасап тұрғандар саны 148-ге көбейген.
Айта кетейік, бұған дейін шағын және орта кәсіпкерлік су­бъек­ті­ле­рінің халық санына шақ­қан­дағы үлесін 9 пайызға жеткізу ха­қында тапсырма болған. Бүгінде ол Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр, Жаңадария және Таң ауылдық округтерінде ғана орындалып отыр. Ал Аққұм, Аққыр, Ақсу, Аламесек, Еңбек, Жаңаталап, Қаракеткен, Мақ­­палкөл, Мәдениет, Мырзабай ахун, М.Шәменов ауылдарында кәсіп­кер­лік субъектілерінің халық са­нына шақ­қандағы үлесі 9 пайызға да жет­пейді. Аудан басшысының «Кә­сіп­керлік саласында да кемшін тұс­тарымыз көп» деп осы мәселені алға тартқаны анық.
Мұнан бөлек жұмыс жасап тұр­ған кәсіпкерлік субъектілерінің үле­сін 95 пайызға жеткізу туралы тап­сырма да болған. Қазіргі таңда тиісті тапсырма Жалағаш кенті, Мә­дениет пен Жаңадария ауылдық ок­ругтерінде орындалмаған. Осы ретте бөлім басшысы аталған елді ме­кен әкімдері тоқтап тұрған кә­сіп­кер­лік субъектілерінің санын азай­ту арқылы жұмыс жасап тұрған кә­сіп­керлік субъектілердің үлесін арт­тыру қажет деп есептейді.
Кент және ауылдық округтерге халық са­нына байланысты, жаңа­дан 530 кәсіпкерлік субъектісінің тіркелуін қамтамасыз ету тап­сы­рылған. Биыл І тоқсанда 365 кәсіп­керлік субъектісі тіркелсе, 271 кә­сіпкер жұмысын тоқтатқан.
Макроэкономикалық көр­сеткіш­тер­ге келсек, Жасұлан Ерданұлы негізгі капиталға тартылған инвес­тиция көлемі 4 млрд 706 млн теңгені құрағанын, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда меже 6,2 есеге жоғары орындалғанын айтады. Жыл қорытындысымен жалпы құны 18 млрд 769 млн теңге инвес­тиция тарту жоспарда бар екен.
Бөлім басшысы ауданның өнер­кәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке сек­торлары арқылы І тоқсанда 9 млрд 648 млн теңгені құрайтын өнер­кәсіп өнімдері өндіріліп, бұл көр­сеткіш өткен жылдың сәйкес ке­зеңімен са­лыс­тырғанда 8 есеге арт­қанын ай­тады. Оның ішінде өңдеу өнер­кәсі­бінің көлемі 3 млрд 287 млн теңгеге жеткен.
Мемлекеттік және өңірлік бағдар­ламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс іс­теп тұрған кәсібін әрі қарай да­мыту бағытында 54 жоба 840,4 млн теңгеге қаржыландырылған. Ал мем­лекеттік және салалық бағдар­­ла­малар аясында жыл ба­сынан бері Аққыр, Аламесек, Еңбек, Жаңа­­дария, Жаңаталап ауыл­дары бойын­­ша ешқандай жоба қаржы­лан­ды­рыл­маған.
Сала басшысы да аудан әкімі­нің сынынан тыс қалмады. Яғни бұл сала бойынша да халық ара­сын­да түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуі керек. Асқарбек Темір­бек­ұлы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмыс бастаймын деген аза­маттарға мейлінше қолдау көр­сету қажеттігін қаперге салды.
Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Руслан Байғазиев жеке тұлғалардың 2022 жылға көлік құралдарына есептелген салықтарын төлеу мерзімі 1 сәуірге белгіленгенін айтады. Яғни осы жыл­дың сәуіріне дейін толық тө­ле­нуі қажет. Алайда осы салықты жи­­нақтап, бюджетке өндіруге кент және әрбір ауылдық округ бойын­ша арнаулы салық мамандары бөлін­генімен, өндіру жұмыстары өте төмен.
Басқарма кент және ауылдық ок­руг­тердегі салықшы мамандар жұ­мысына талдау жүргізу барысында жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша 6 млн 241,7 мың теңге бе­решек сомасын өндіріп, азайтудың орнына 18 сәуірге бұл берешек 22 млн 726 мың теңгеге өскенін анықтаған. Оның өсуі Жалағаш кенті, Аққұм, Таң, Мә­дениет, Есет батыр, Ақсу және Қара­кеткен елді мекендерінде байқалады.
Бұған қатысты аудан басшысы ешқандай талдаудың болмағанына қапалы. Тіпті салықтық болжамға да ешқандай талдау жасалмаған. Сон­дықтан тиісті жұмыстарды ширату үшін өңір әкімі жауапты азаматтарға нақты тапсырмалар берді.
Мұнан кейін кезек ауылдық елді мекендерде атқарылған жұмыс­тар­ға да келіп жетті. Алдымен Мә­дениет ауылдық округі әкімі Адай Мұстафаев елді мекенде атқарылған жұмыстарды саралады. Баян­­да­маның басым бөлігі көр­кейту-кө­галдандыру жұмыстары­на ба­­ғыт­­­талған. Мұнан бөлек «Өңірлерді да­мыту» бағдарламасы бойынша ауыл орталығына аяқ су жеткізу, Жаңа­қоныс көшесіне күрделі жөн­деу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сме­талық құжаттар әзірлеу, жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыс­тары, кәсіпкерлікті дамыту сынды жобалар жоқ емес.
Былтыр ауыл әкімі елді мекен халқымен кездесуде халық 10 мәселе көтерген. Өкінішке орай бүгінде оның тек біреуіне ғана жұмыс жасалған. Аудан басшысы елдің мәселесін ер­теңге қалдыруға болмайтынын ес­кер­тіп, басқа да мәселелерді назар­дан тыс қалдырмауды тапсырды.
Еңбек ауылында да дәл осындай жағдай, халықпен кездесуде көте­рілген мәселелердің шешіміне жұмыс жасау деңгейі төмен. Сондықтан ауыл әкімі Қайролла Қалданов та өңір басшысының сынынан сы­тыл­ған жоқ.
– Тағы да қайталап айтамын, елдің мәселесін ертеңге қалдыр­маңыздар. Мемлекеттік қызмет – бізге осы бағытта жұмыс жасауға берілген мүмкіндік. Әрқайсысымызда осындай түсінік болуы керек. Сонда ғана жасаған жұмысымыздың нәтижесін көреміз. Елді мекендердегі өміршең жобалардың жемісін халық көруі тиіс. Сондықтан оның сапасы да ұдайы назарда болсын. Халықтың талап-тілегі мен үшін бірінші орында. Еңбектеріңізді де осы бағытта атқа­рылған жұмыстарыңызға қа­рап баға­лаймын. Жұмыссыздық мәсе­лесін тұсап, елді мекендердің еңсесін тіктеу күн тәртібінен түспейді, осыны ес­ке­ріңіздер, – деді аудан әкімі.
Иә, Асқарбек Есжановтың осы мақсатқа жұмыс жасайтынына күмән жоқ. Халықпен кездесулердің бәрінде болдық, тіпті кейбір елді мекендерде көтерілген мәселелер сол жерде ше­шімін тауып жат­қанына да куә болғанбыз. Бүгінгі әріптестеріне қарата айтылған сын да орынды. Енді одан сабақ алу қажет.
Бүгінгі аппарат мәжілісінде бұған дейін кейбір ауылдарда көтерілген мәселелер қайта көтерілді. Бұл ретте жұмысты ширату керек, Асқарбек Есжанов әрбір тапсырманың орын­далуына уақыт берді, алдағы уақытта бұл тапсырмалардың орын­далуын редакция ұжымы да сара­лайтын болады.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: