Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 11:21

Сыр елінде су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен енгізілуде

20.11.2024

137

0

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен дер кезінде жүргізілген келіссөздер арқасында биыл егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етілді, аймақта су тапшылығы болған жоқ.
Ауыл шаруашылығына соңғы 2 жылда 20,3 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Өткен 10 айда негізгі капиталға 12,2 млрд. теңге инвестиция салынды.

«Аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы үшін суармалы су мәселесі қашанда өзекті. Биыл 189 мың 449 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, агротехникалық талаптарға сай мерзімінде толық жиналды. Өндірісте ылғал үнемдейтін технологиялар қолдану қарқынды дамып келеді. Жаңа технологияларды пайдалану көлемі 4 мың 400 гектарға жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  5 есе артық», – деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысының қолдауымен бастау алған «Кең дала-2» бағдарламасы диқан қауымы үшін қолайлы болды.

Еске салсақ, соңғы жылдары Сыр диқандары 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: