Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:19

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

26.06.2024

588

0

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:

      1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауы;

      2) субъектінің тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізуі;

      3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;

      4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;

      5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

      3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады .

      4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша:

      1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);

      2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден асқан;

      3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары жоқ;

      4) мемлекеттік материалдық резервте сақтауда тұрған және броньнан шығару тәртібімен кәдеге жаратуға жататын тамақ өнімдерін қоспағанда, белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;

      5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;

      6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;

      7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.

      5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің және тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған қауіпсіздігі ғылыми негізделген растаудан және олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана жол беріледі.

ҚР ДСМ СЭБК ҰСО ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Жалағаш аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразиториялық зертхананың зертханашысы

Сұлтан Нұргүл Нұрланқызы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: