Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

35°C

, Сейсенбі, 15 шiлде, 17:59

Тапсырма тиянақты
орындалуы тиіс

14.07.2025

9

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда салық базасын ұлғайту, елді мекендерді көркейту-көгалдандыру жұмыстары және қосымша бірқатар мәселе қаралды.

– Елді мекендердің та­залығы мен абаттанды­ры­луы – әрбір әкімнің тікелей жа­уапкершілігі. Сондықтан әрбір ауыл әкімі өзіне сеніп тапсырылған аумақтың са­нитарлық тазалығы мен абат­­тандырылуын үнемі ба­­­­­қылауда ұстауы тиіс. Бұл – науқандық шаруа емес, күнделікті, жүйелі түр­­­­де жүргізілуі керек, – де­­­ді аудан басшысы Ардақ Ибраи­мов.
Көркейту-көгалдандыру бағытында аудандық тұр­­ғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары бөліміне ауылдық округ­тердегі ат­қа­рылған жұмыстар мен биыл егілген ағаш­тар есебі және олар­дың шығымы туралы баян­далды. Сонымен қатар аудан басшысы елді мекен ау­мақтарында абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді бүлдіру, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау фактілері бойынша рейдтік жұмыстар ұйым­дас­тыруды тапсырды.
Мұнан бөлек мәжілісте тіркелген кәсіпкерлік субъек­тілерінің санын арттыру, салық базасын ұлғайту және көк­темгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша бе­рілген тапсырмалардың орындалу барысы да қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі күн тәр­тібінде көтерілген мәселелерге орай тиісті сала бас­шыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олар­­дың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: