Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Жұма, 22 қараша, 11:56

Толағай табыс – тәуелсіздік

15.10.2024

26

0

Мен ата-баба армандаған азат, егеменді ел Қазақстанда туып, осында өмір сүріп жатырмын. Біздің атадан балаға жеткен ұланғайыр жеріміз,мәдени мұраларымыз, салт-дәстүрлеріміз бар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін өзінің Ата Заңы, бекітілген шекарасы, мемлекеттік рәміздері бар. Қазіргі таңда Қазақстанда қаншама ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олардың барлығы Қазақстанды ортақ Отанымыз деп есептейді. Қазақ халқы да өзінің кеңпейілділігін, қонақжайлылығын көрсетті.

Жалпы, қазақтың сайын даласын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, ұлтарақтай жерімізді жаудың табанына таптатпаған қазақ батырларының ерен ерлігі, елді бірлікте ұстап, берекесін сақтаған үш биіміз бен шешендеріміз тарихтан ойып тұрып орын алған. Қазақта «Он үште отау иесі» деген сөз бар. Мен де қазақ менталитетінде ер балаған жүктелетін жауапкершіліктің салмақтылығын білемін. Сол себепті, ұлтымыздың тарихын танып-білуді, келешекте қоғамға пайдалы азамат болуды перзенттік парызым санаймын.

«Атымды адам қойған соң, қайдан надан болайын?!» деген екен қазақтың бас ақыны. Дүниеге келгенде азан шақырып ат қойған соң, сол атыңа лайық болу, ата-анаңның артқан сенімін ақтап, елдің үкілеген үмітінен шығу – біздің парызымыз. Ата-баба салған жолды іле жалғап кету де – біздің міндетіміз. Сол себепті қазақ халқы «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» дейді. Әрбір ұрпақ келешекте өзі үшін, өзінің отбасы үшін ғана емес, еліне, Отанына да қыз­мет етуі қажет. Қазіргі күні біздің көптеген жас­тарымыз шетелде оқып, жан-жақты білім алуда. Өз білімдерін өзге елде жүріп дамытып, ал оның жемісін өз Отанына келіп пайдаланғаны дұрыс деп есептеймін. Меніңше отансүйгіштік деген өз еліңе адал қызмет ету. Ал, мен осындай егемен елдің баласы болғанымды мақтан тұтамын.

Нұрислам Батырбек

Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің 4 сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: