Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Жұма, 28 маусым, 12:09

Түрмеден шыққан Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

03.06.2024

302

0

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Боранбаев Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен сайланғанын мәлімдеді. 

«Бұл – мен үшін өте маңызды лауазым. Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асырып жатырмыз. Кейінгі жылдары қол жеткізген жетістіктерімізге қарамастан, жоспарларымыз көп. Соның арқасында Қазақстан параспорттаушыларды кәсіби түрде дайындай алатын, оларға көңіл бөлетін, сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін ел ретінде беделін одан әрі нығайтады», – деді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, қазір Париждегі Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр.

«Жыл соңына қарай жазғы спорт түрлері бойынша дайындық мүмкіндігін кеңейту үшін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысын бастаймыз. Параспорттың қысқы түрлерін дамыту үшін «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта құруды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба қысқы Паралимпиадаға дайындалу үшін маңызды. Сондай-ақ, спорт инфрақұрылымын дамыту және паралимпиадашыларымыз халықаралық жарыстарда жеңіске жетуі үшін заманауи тренажерларды сатып алу бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: