Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 09:09

ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒИДАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАЙЫҚ!

21.11.2023

323

0

Өрт-көп жағдайда адамдардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамауына немқұрайдылықпен қарауының салдары болып табылады.

Үйде тұрған пештер жарамды күйде болуы және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауды ескере отырып жабдықталуы тиіс. Пештерді пайдалану кезінде қарапайым талаптарды сақтау керек:

– Түтін жолдары мен пештерді күйеден тазарту;

– Жанғыш шатырдың үстіндегі түтін құбырларында ұшқын ұстағыштар (металл торлар) болуы тиіс;

– Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды оттықта орналастыру;

– Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балаларға қадағалауды тапсыруға;
          – Пештерде және олардың жанында киімді, отынды және басқа да материалдарды кептіру;

         – Пештерді қыздыру.

Сонымен қатар, балаларыңызды қараусыз қалдырмауға тырысыңыздар және сіріңке, оттық, шақпақ сияқты заттарды балалардың қол жетпейтін жерге қою, газ плитасы, үтік және т.б жылыту құралдарына жақындамау жөнінде күнделікті ескертіп отыруларыңыз керек.

«Балалар біздің болашағымыз» екенін есімізден шығармайық.

Жылыту маусымына дайын бол!

  Күннің салқындауына байланысты Жалағаш ауданының тұрғындары пештермен және жылытқыш электрқұралдарымен қолдана бастады.

           Қатты суықта, желді ауа-райында тұрғындар қосымша жылыту құралдарын қолданады: плиткалар, электр жылытқыштар және т.б., кейде қолдан жасалған электр құралдары да кездесіп жатады. Мұның бәрі бақылаусыз өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін. Осындай оқиғаларды алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

Пешпен қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

–  жылыту маусымының басында жылыту құралдарын тексеру және жөндеу қажет;

– жылыту маусымы басталар алдында жеке үй иеліктерінде түтін мен құбырларды күйеден тазарту қажет;

– пешті қыздыруға және қатты отынмен пешті жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды;

– балаларға пешті жағуды тапсыруға болмайды;

– пештерде және олардың жанында киімді, отынды және басқа да материалдарды кептіру;
– жылыту пештерінің жанында отынды, тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш материалдарды сақтауға және жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды.

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: