Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Дүйсенбі, 19 мамыр, 11:19

Тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

07.05.2025

19

0

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аясында ауылымыздың ақсақалы, бағбан, тыл ардагері Қаршыбек атамызға мереке қарсаңында ерекше құрмет көрсетілді. «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Шоңмұрынқызы мен аудандық маслихат депутаты, фракция жетекшісі Гүлзат Ердәулетқызы, «Мақпалкөл ауылдық округі» бастауыш партиясы ұйымының мүшелері ардагердің шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Атамыздың қажырлы еңбегі, жайқалған бау-бақшасы жас ұрпаққа өнеге.

Мереке қарсаңында атамыздың еңбегін бағалап, «AMANAT» партиясының құттықтау хаты пен тәттілер себеті табысталып, өмір жолы мен еңбегі жайлы естеліктер айтылды.

Мұндай тағзымды шаралар өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихты ұмытпай құрметтеуде маңызды екені сөзсіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: