Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Жұма, 14 қараша, 18:15

Ұлттық валюта – Теңге күні және Қаржыгерлер мерекесі аталып өтті

14.11.2025

7

0

15 қараша – Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күніне орай, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен қаржы саласында еңбек етіп жүрген партия мүшелерімен кездесу өтті.

Шара барысында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген сала мамандарына жылы лебіздерін айтып, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, қаржы саласындағы еңбекқорлықтары мен жауапкершіліктері үшін партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлының алғыс хаттары табысталды.

Іс-шара аясында партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттер тапсырылып, оларды құттықтап, қоғамдық жұмыстарда белсенді болуға шақырды.

Қаржы саласының мамандары – елдің қаржылық тұрақтылығы мен дамуының тірегі. Сондықтан олардың еңбегі әрқашан құрметке лайық.

AMANAT партиясы қоғамның барлық саласында еңбек етіп жүрген жандарды қолдай отырып, олардың еңбегін бағалауды жалғастыра береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: