Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 26 сәуiр, 18:42

«URKER-2022» сыйлығының иегерлері анықталды

28.10.2022

362

0

Бүгін «Қазмедиа» орталығында «URKER-2022» Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марапаттау рәсімінің алдында БАҚ саласының ардагерлері, тілшілер қауымы мен іс-шара қонақтары қызыл кілеммен жүріп өтті.

Айта кетсек, Ұлттық сыйлық журналистерге баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сондай-ақ аталған сыйлық елімізде мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін арттыру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Биыл байқау 13 номинация бойынша өткізіліп, 52 номинант іріктелді.

Үздіктерді арнайы құрылған комиссия анықтады. Комиссия құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кірді. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және арнайы естелік мүсінше табысталды.

Осылайша,

«Жылдың үздік сұхбаты» номинациясының жеңімпазы – Ая Өміртай – Halyq-uni.

л

«Жылдың үздік репортажы» номинациясының жеңімпазы – Анар Қоныс – Aikyn.kz.

д

«Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал» номинациясының жеңімпазы – Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz.

д

«Жылдың үздік журналистік зерттеуі» номинациясының жеңімпазы – Қазбек Құттымұратұлы – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті.

«Жылдың үздік аналитикалық материалы» номинациясының жеңімпазы – Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті.

«Халықаралық тақырыптағы үздік материал» номинациясының жеңімпазы – Сәуле Исабаева – Qmonitor.kz.

«Жылдың үздік жаңалықтар порталы» номинациясының жеңімпазы – Zakon.kz.

о

«Радиостанциядағы үздік жоба» номинациясының жеңімпазы – «Ой-түйін» – Qazaq radiosy.

«Жылдың үздік фотосуреті» номинациясының жеңімпазы – Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz.

о

«Үздік өңірлік БАҚ» номинациясының жеңімпазы – «Saryarqa samaly» газеті.

Сондай-ақ Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия иегері – Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz.

Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия иегері – «Қырғыз әдебиеті» жобасы – «Таң-Шолпан» журналы.

л

Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия       иегері – Қали Сәрсенбай – «Ана тілі» газеті.

о

Байқау ұйымдастырушылары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «Агенттігі» АҚ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: