Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері селекторлық режимде қатысты.
Мәжілісте алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, егінді әртараптандыру және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі ротация тәртібін сақтамаған және егін көлемін белгіленген межеден артық еккен шаруашылықтарға вегетациялық кезеңде су берілмейтінін қатаң ескертті.
Сонымен қатар, су тапшылығы жағдайында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу және суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемін арттыру қажеттігін тапсырды.
Ауданда суды үнемдеу және цифрлық технологияларды енгізу аясында күріш алқаптарын оңтайландыру жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, тамшылатып суару әдісі арқылы картоп, көкөніс және бақша дақылдары көлемін ұлғайту шаралары жүргізілуде.
Жиын қорытындысымен аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!