Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Жұма, 10 мамыр, 00:57

Жалағашта көне дәстүр қайта жаңғырды

16.03.2024

65

0

 «Көне дәстүр күмбезі» ұлттық салт-дәстүрлер фестивалін Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйі мен М. Шәменов ауылдық мәдениет үйі жалғады. Бұқарбайлық өнерпаздар Дәуімбай елді мекеніндегі рәміздер аллеясында «Құттық» дәстүрін қойылымдарына арқау етсе, Шәменов ауылынан келген өнерпаздар орталық алаңда «Танабау» ұлттық салт-дәстүрін сахналады.

«Құттық» – келін түсірген үй құда-құдағиларын аттандырған соң орындалатын дәстүр. Бұл дәстүр бойынша ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп, «құтты болсын» айтып, арнайы дәм әкеліп, сый жасайды. Тиісінше қыздар өздеріне лайықты әшекей немесе ыдыс-аяқтан сый сұрайды. Түсінгеніміздей, бұл дәстүр «құтты болсын», «құт әкелсін» деген ниеттен, ізгі ойдан туған.

«Танабау» – танабау тағуды бала ержетіп, тірлікке жарап, үлкен көмек бере бастаған сәттен бастайды. Яғни, ұл бала алғаш рет әкесіне, қыз бала анасына ілесіп, түрлі жұмысқа қолғабыс етіп жүргенін көрген жақындары, туған-туыстары мен көрші-қолаңдары «Ұл-қыздарың қолғабыс етуге жарапты, шаруа атқаруды сеніп тапсыра берсең болады екен» деп балаға түйме-тана, білезік тағы жібереді. Кейде оны көпшіліктің атынан немесе туыстарының атынан бір кісі арнайы барып тағады.

Салт бойынша «танабау» тағылған баланың ата-анасы да өз кәдесін жасауы тиіс.

«Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйі», «Шәменов ауылдық мәдениет үйі» желісі үзіліп бара жатқан осы салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртып, ыстық ықыласқа бөленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: