Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 25 сәуiр, 23:37

Жалағаштық диқандар дән себуді бастады

25.04.2025

103

0

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Мәдениет ауылдық округіндегі «Жігер» шаруа қожалығының күріш алқабында өткен алғашқы дән себу рәсіміне қатысып, диқан қауымын көктемгі егін науқанының басталуымен құттықтады.

«Аудандағы шаруа қожалықтары жыл сайын жоғары өнім алып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Соның нәтижесінде, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыз агроөнеркәсіп кешенін дамытуда облыс бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, «Үздік аудан» номинациясына ие болды. Ауылдағы ағайынға, диқан қауымына биылғы дән себу науқанында сәттілік тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін, атқарып жатқан тірліктеріңізге береке тілеймін», – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

2025 жылы аудан бойынша 37 185 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 19 800 гектар алқапқа егілмек.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникалары егін егу жұмыстарына толық дайын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: